2022 жылғы 18 тамыз күні сағат 14:40-та Алматы облысы ТЖД кезекші бөлімінің пультіне Қарасай ауданының Қаскелең шатқалында абайсызда 2011 жылы туған бала Қаскелең өзеніне құлағаны және оны ағынмен алып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.
Бала отбасымен демалыста болған. Шақырту орнына Қарасай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің және Қаскелең қаласының өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері (8 қызметкер және 2 бірлік техника) және Алматы қаласынан РЖҚЖ жеке құрамы (8 құтқарушы және 1 бірлік техника) дереу жіберілді.
Сондай-ақ, іздеуге 80-ге жуық азаматтар, оның ішінде полиция қызметкерлері, туыстар, жергілікті тұрғындар және еріктілер жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары жалғасуда.