Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Алтын орда» базарының басшылары жүк көліктерінен күн сайын заңсыз 15 мың теңгеден жинап отырғаны анықталды

Алматыдағы «Алтын орда» базарының сауда нарығына қатысты бәсекелестік заңнаманы сақтауды тексеру нәтижесінде әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды Alataunews.kz

23.06.2022
Аймақ, Жаңалықтар
Ашық дереккөзден

Ашық дереккөзден

Алматы облысы бойынша монополияға қарсы Департамент қызметкерлері тексеруді осы жылдың наурыз айында жүргізген. Сөйтіп, аталған базар қызметкерлерінің сауда орындарын заңсыз жалға беріп келгені белгілі болды. Мәселен, жүк көліктерінен 15 000 теңге, КАМАЗ және MAN автокөліктерінен 7000-8000 теңге, Sprinter автокөлігінен 6000-7000 теңге, ГАЗель автокөлігінен 5000 теңге, жеңіл автокөліктерден 3500 теңге алып отырған.

«Altyn Orda QazTrade LTD» ЖШС осы аймақта қызмет көрсететін жалғыз әмбебап базар болғандықтан, бәсекелестік орта қалыптаспаған. Бұл өз кезегінде қызметтер мен тауарлардың нарықтағы бағасының қымбаттауына әкеледі деп отыр бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мамандары.

«Осы нарықтың маңыздылығын және сауда орындарына бағаның жоғары болуы азық-түлік өнімдеріне, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне әкеліп соқтыратынын ескере отырып, сауда нарығының әрекеттерінде монополиялық жоғары бағаны белгілеуге және ұстап тұруға бағытталған үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану бөлігінде заңнаманы бұзу фактілері анықталды», — деді бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі.

Тексеру қорытындысы бойынша 2022 жылдың мамыр айында «Altyn Orda QazTrade LTD» ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қозғалды.

 

 

Тегтер: сауда орындары

Соңғы жаңалықтар

Марат Сұлтанғазиев Алматы облысы тұрғындарына үндеу жасады

Қорлан Нұрланқызы
11.03.2026

Қонаевта 12 наурыз күні дрон-шоу өтеді

Қорлан Нұрланқызы
11.03.2026

Қазақстанда Наурыз қарсаңында ауқымды “Nauryz Sale” акциясы өтеді

Қорлан Нұрланқызы
11.03.2026

Алматы облысында жастар жаңа Конституция жобасын қолдады

Қорлан Нұрланқызы
11.03.2026

Алматы облысында бірнеше күн электр жарығы өшуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
11.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz