«Алматы облысының прокуратурасы алименттерді өндіріп алу туралы сот актілерін орындауға бағытталған шараларды тұрақты түрде ұйымдастырады. Бүгінгі іс-шара да осы мақсатты көздейді», – дейді облыстық прокуратура басшысының орынбасары Бауыржан Бимолданов.
Жәрмеңкеде 40 кәсіпорын мен мекеменің атынан халыққа 700 бос жұмыс орны ұсынылды.
Оның ішінде:
- Іле мемлекеттік дендрологиялық паркі – 19 жұмыс орны: инженер, бухгалтер, көлік жүргізуші мамандығы бойынша;
- «Food master» ЖШС – 6 жұмыс орны: жүк тиеуші, экспедитор, есепші, инженер;
- «Централ Азия Фуджоу Металл» ЖШС – 1 жұмыс орны;
- «Райымбек Агро» ЖШС – 25 жұмыс орны: сүт өнімдерін өндіру бойынша;
- «Pure Pak» ЖШС – 15 жұмыс орны;
- «Аллель Агро» ЖШС – 51 жұмыс орны: тауық етін өндіру бойынша т.с.с.
Бауыржан Бимолдановтың айтуынша, қазіргі таңда борышкерлерден 191 млн тг өндірілді. Және олардың сот актілерін орындауы үшін түрлі іс-шаралар әлі де өз жалғасын табады.
Сондай-ақ бүгінгі жәрмеңкеде тек борышкерлерге ғана емес, мектеп және колледж түлектері үшін мамандық бойынша 20 бос жұмыс орындары ұсынылды.