Сыйлық клик-химиясының әдістерін дамытқаны үшін берілді.
«Химия бойынша 2022 жылғы Нобель сыйлығы күрделі процестерді жеңілдетуге арналды. Барри Шарплесс пен Мортен Мелдал молекулалық құрылыс блоктары жылдам және тиімді біріктірілетін химияның функционалды түрі – клик-химияның негізін қалады. Ал Каролин Бертоцци клик химиясын жаңа деңгейге шығарды», – делінген комитеттің баспасөз хабарламасында.
Айта кетейік, 1901 жылдан бері химия бойынша Нобель сыйлығы 113 рет берілді. Сыйлықтың 2022 жылғы мөлшері 10 млн швед кронасын (шамамен 900 мың доллар) құрап отыр.