Ұйым басшысы тұмауға қарсы екпе алуға шақырды.
«Қазіргі уақытта Еуропаның бірнеше елдері ковидпен ауырғандардың көбейгенін және өлім-жітім санының артқанын хабарлады. Қазір күн салқындаған соң, адамдар сыртта емес,іште отырады. Адам көп жиналған жерде вирустың таралу қарқыны өседі. Ковид көп болуы мүмкін.Бірақ өлім болмауы керек, өйткені бұрынғыдай емес өмірді сақтап қалатын вакциналар мен терапевтік құралдар бар», – деді Тедрос Адханом Гебрейсус брифингте.
Ол «Омикрон» штаммы әлі де өршіп тұрғанын атап өтті. Сонымен қатар ДДҰ осы штаммның 300-ден астам қосалқы нұсқаларын бақылап отырғанын жеткізді.
Ұйым басшысы тұмау маусымы басталатынын да еске салды. Оның айтуынша, пандемия кезінде Covid-19 таралуын болдырмау үшін енгізілген шаралар тұмауды азайтуға көмектесті.
«Тұмауға немқұрайлы қарауға болмайды. Ауруға қарсы вакциналар аурудың және өлімнің ауыр түрлерінің алдын алуда тиімді. Сондықтан тұмауға қарсы екпе алыңыз», – деп шақырды Тедрос Адханом Гебрейсус.