Еңбек мигранттары негізінен Қытай, Үндістан, Түркия, Өзбекстан және Ұлыбританиядан келеді. Қытайдан 3 539 адам, Үндістаннан 1 801 адам, Түркиядан 1 707 адам, Өзбекстаннан 1 487 адам, Ұлыбританиядан 1 125 адам келді, – делінген Еңбек министрлігі таратқан ақпаратта. Министрлік өкілдерінің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта Қазақстанда шетел жұмыс күшін пайдаланатын 1 751 жұмыс беруші бар.
Оларда 399 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%-ы. Министрлік таратқан ақпаратқа сүйенсек, экономикалық қызмет түрлері бойынша шетел азаматтары ең көп жұмыс істейтін салалар: құрылыс саласында – 6 137 адам (40%); тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 515 адам (10%); ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 211 адам (8%); кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 1 143 адам (8% ); өңдеу өнеркәсібі – 1 071 адам (7%).