ДСМ мәліметінше, 7 қараша күні 47 адамнан коронавирус инфекциясы табылған. Бір науқас қайтыс болған.
8 қарашадағы ақпаратқа сәйкес, 693 адам коронавирус инфекциясынан (–553+ және 140 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде, 82 пациент стационарлық, 611 науқас амбулаториялық ем қабылдау үстінде.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 8 адамның жағдайы ауыр;
- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 1 науқас өкпенді жасанды желдету аппаратында жатыр.
Естеріңізде болса, кеше 20 қазақстандық аталған індетке шалдыққан еді.