Әскерге шақыру наурыз-маусым, қыркүйек-желтоқсан аралығында жүргізіледі.
Әскерге 18 жастан 27 жасқа дейінгі ер азаматтар шақырылады.
2022 жылы көктемгі науқанда 17 мыңға жуық азамат әскерге шақырылса, күзде олардың саны 18 мың болды.
Еске салайық, таяуда генерал-майор, «ҚР Қарулы күштері ардагерлері» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Марат Нағұманов әскери қызметке шақыру жасын 27-ден 30 жасқа дейін көтеруді ұсынған болатын.
«Қазір елімізде жастар жасы 29-дан 35-ке дейін көтерілуде. Бұл – халықаралық үрдіс. Тиісінше, мерзімді әскери қызметке шақыру жасын 27-ден 30 жасқа дейін көтеру қажет», – деп түсіндірді бұл ойын генерал-майор.