«Қайырлы таң! Алатау ауданы, «Мәдениет» («Рахат») ықшам ауданында не болып жатқанын жариялаңыздаршы. Бәрі опырылып жатыр. Бізде ешқашан жол жөнделген емес. Тек жамаудың үстіне жамау. Оны да жоғарыдан біреу келгенде ғана жасайды. Тіпті жаяу жүретін жол да жоқ, бәрі жарамсыз. Көліктер мен автобустар өте алмайды», – делінген хабарламада.
Осыған Алматы қаласы әкімдігінің Энергетика басқармасы жауап беріп, мамандардың көрсетілген мекенжайға жөнелтілгенін хабарлаған.
«Связьстроймеханизация» ЖШС мердігер ұйымы басшылығының бұйрығымен 2019 жылы кепілді міндеттеме негізінде «Рахат» («Мәдениет») шағын ауданында магистральдық су құбыры және кәріз желілерінің құрылысы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Ақаулар сигналдық таспамен қоршалған. Жақын арада жөндеу жұмыстары болады», – деп Алматы әкімдігінің энергетика басқармасы келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, жауап-берген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram