Алматы облысының полиция департаментінің мәліметінше, 24 желтоқсанда Жамбыл ауданында Toyota Camry, Daewoo Nexia және Daf Trucks N жеңіл көліктері соқтығысқан.
Полицияның алдын ала ақпаратына мәйкес, жол апатына Toyota Camry көлігінің 33 жастағы жүргізушісі кінәлі. Анықталғандай, Алматы – Бішкек тасжолының 126-шақырымында ер адам тіркемесі бар Daf Trucks NL көлігін басып озамын дегенде қарсы бағытта келе жатқан Daewoo Nexia көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Инерциямен жүк көлігіне соғылған.
«Жол апаты салдарынан 4 адам оқиға орнында көз жұмды. Түрлі жарақат алған тағы 4 адам жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды, олардың біреуі ауруханада қайтыс болды. Аталған факті бойынша қажетті сараптама жүргізіледі. Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі («көлікті басқаратын адамның абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлікті пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша тергеу жүргізіліп жатыр», – деді полицияның баспасөз қызметі.
Өңірлік полиция қызметі қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram