Қазір Қонаев қаласының халқы 65 мың адам
Ол Қонаев шаһары келешекте ғылым мен білім, мәдениет, туризм және спорт орталығына айналатынын атап өтті.
Облыс тұрғындарына сапалы медициналық қызметтердің кең спектрін көрсету үшін Қонаев қаласында көпбейінді аурухана салу көзделген.
Сонымен қатар Қапшағай су қоймасы мен Іле өзенінің мүмкіндіктері су спорты мен туризмді белсенді түрде дамыту үшін және халықаралық деңгейдегі жарыстар мен спорттық лагерьлерді өткізуге көп мүмкіндік береді, деді әкім.
Мәдени және ойын-сауық нысандарын біріктіретін ойын бизнесі аймағы жетекші халықаралық туристік аймаққа айналуы мүмкін деп есептейді Марат Сұлтанғазиев.
Ол жоғарыда аталған стратегиялық экономикалық артықшылықтарды жүзеге асыру магистральдық кластерлер мен кәсіпорындарда 20 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретінін атады. Бұған қоса, бұл ЖӨӨ-дегі үлесі қазірдің өзінде 37%-ға жеткен шағын және орта бизнестің кеңеюіне серпін береді.