Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда жаңа «12-20-20» ипотека бағдарламасы іске қосылуы мүмкін

Аталған бағдарлама іске асса Жетісу мен Алматы облысының тұрғындарына 25 млн теңгеге дейін қарыз беріледі, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

06.07.2022
Жаңалықтар, Қоғам

«Зейнетақы жинақтарының тұрғын үйге жұмсауға болатын шекті мөлшерінің өсуіне және келесі жылы «7-20-25» бағдарламасының аяқталуына байланысты 500 млрд теңге ипотекаға немесе 35 мың пәтерге деген сұраныстың төмен болуы болжанып отыр. Жеке құрылыс салушылардың коммерциялық тұрғын үйді сату жылдамдығы айтарлықтай төмендеуі мүмкін. Сұраныстың өтелмеуіне жол бермеу мақсатында халық үшін екінші деңгейлі банктердің нарықтық ипотекасы бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тетігін іске қосу ұсынылады», – деді «Бәйтерек» ҰБХ-нің басқарма төрағасы Қанат Шалапаев.

Оның айтуынша, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығымен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде мынадай базалық шарттар ұсынылып отыр:

  • бастапқы жарна – 20%-дан басталатын;
  • қарыздың ең жоғары сомасы – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 35 млн теңгеге дейін;
  •  қалған өңірлерде – 25 млн теңгеге дейін;
  • қарыз алушы үшін жылдық мөлшерлеме – 11-12%;
  • несие мерзімі – 20 жылға дейін.
  • төлем қабілеттілігін міндетті түрде растауды қажет ететін ипотеканы іске қосу ұсынылуда.

Қанат Шалапаевтің айтуынша, Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесінің деңгейінен 5%-дан аспайтын ипотека бойынша сыйақы мөлшерлемесінің 7% субсидияланады. Екінші деңгейлі банктер өз қаражаты есебінен құрылыс салушылардың бастапқы тұрғын үйіне және Қазақстан тұрғын үй компаниясының кепілдігімен қамтамасыз етілген салынып жатқан тұрғын үйге қарыз бере алады.

«Осы бағдарламаны іске қосу үшін заңнамалық өзгерістер қажет емес. Қазіргі уақытта бюджеттік өтінім Қаржы министрлігінің қарауында. Бюджет мақұлданғаннан кейін, Қазақстандық тұрғын үй компаниясы осы бағдарламаны дереу іске қосуға дайын», – деді ол Үкімет отырысында.

Соңғы жаңалықтар

В Алматинской области Changan угнали под носом у продавцов салона

Николай Иващенко
14.03.2026

В Алматинской области открыли две врачебные амбулатории и вручили ключи от 132 новых квартир

Николай Иващенко
14.03.2026

Наурызнама-2026: какие мероприятия пройдут в Алматинской области в декаду праздника

Николай Иващенко
14.03.2026

Спасатели ДЧС Алматинской области потушили ночной пожар

Николай Иващенко
14.03.2026

В Алматинской области открыт 161-й добровольный пункт пожаротушения «Ауыл құтқарушылары»

Николай Иващенко
13.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz