Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жол апатынан ерлі-зайыпты қаза тапты

Олардың кішкентай баласы мен тағы екі адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

06.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар
Ашық дереккөзден

Ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде Volvo мен Mercedes Benz көліктерінің соқтығысқаны туралы ақпарат тарап жатыр. Автор қатты соққыдан екі көліктің де бүктетіліп қалғанын хабарлады.

Сондай-ақ апаттан көз жұмған әйелдің егіз балаға жүкті болғаны айтылған.

Қайғылы оқиға 6 шілдеге қараған түні Іле ауданы аумағында тіркелді. Өңір полициясы көліктер Байсерке – Қараой тасжолының 26-шы шақырымында соқтығысқанын нақтылады.

Алдын ала мәлімет бойынша жол апатына қарсы жолаққа шығып кеткен 32 жастағы Volvo жүргізушісі кінәлі.

«Mercedes Benz салонында болған ер адам мен әйел қаза тапты. Сондай-ақ жарақат алған үш адам, оның ішінде 4 жасар қыз ауруханаға жеткізілді»,- деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Департамент қызметкерлері бұл факт бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

 

1 of 9
- +
Тегтер: Жол апатыІле ауданықайғылы оқиға

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz