«Құрметті Алматы облысының православиелік тұрғындары! Сіздерді христиандардың басты мерекелерінің бірі — Мәсіхтің Рождествосымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке бүкіл әлемде бейбітшілікті, қуаныш пен жасампаздықты бейнелейді», — деді өңір басшысы.
Ол елімізде ғасырлар бойы әртүрлі діндер мен ұлттардың өкілдері қатар өмір сүріп келе жатқанын, Қазақстан әлемдік қоғамдастықта толеранттылық пен бірліктің үлгісіне айналғанын, ал елдегі православие — көптеген конфессиялардың бірі екенін атап өтті.
Сондай-ақ облыс әкімі Рождество үйлесімділік пен өзара түсіністікті білдіретінін атап өтті.
«Құрметті жерлестер! Сізге және сіздің отбасыларыңызға денсаулық, өркендеу, бейбітшілік тілеймін! Әр отбасында бақыт, махаббат пен өзара түсіністік орнауына тілектеспін!», — делінген құттықтау мәтінінде.