Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Пәкістандағы мешітте жарылыстан қаза тапқандар саны 59-ға жетті

Пәкістанның Пешавар қаласындағы мешітте болған жарылыстан 59 адам қаза тауып, 150-ден астамы жараланды. Жарылыс түскі намаз кезінде болған, ғимараттың бір бөлігі қирап, көп адам үйінді астында қалып қойған.

31.01.2023
Арнайы жоба

Жарылыстың себебі анықталып жатыр. Билік намазға қатысушылар арасында полиция қызметкерлері көп болғандықтан, бұл алдын ала жоспарланған мақсатты іс болуы мүмкін дейді.

Қауіпсіздік қызметі өкілдерінің айтуынша, намаз оқып жатқандардың алдыңғы қатарында тұрған жанкешті өзін-өзі жарып жіберген. Әзірге шабуылды ешбір топ өз мойнына алған жоқ.

Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф жарылыс жасағандарды айыптап, олардың исламға еш қатысы жоқ екенін айтты.

Жарылыс түскі намаз кезінде болған және әлеуметтік желіде тараған Би-би-си растаған видеода мешіт қабырғасының жартысы опырылып, аман қалғандар кірпіш үйінділерінің астынан шығуға мәжбүр болғаны көрсетілген.

Қазір оқиға орнында құтқарушылар тірі қалғандар мен қаза тапқандарды іздеу операциясын жалғастырып жатыр.

Пешавардағы Леди Рединг ауруханасында төтенше жағдай жарияланды – жаралылар әлі де келіп жатыр, көбінің жағдайы ауыр.

Өткен жылдың наурызында Пешаварда шииттердің мешіті жарылып, ондаған адам қаза тапты. Исламабадта полиция лаңкестік қауіп-қатердің жоғары деңгейін жариялап, астанадағы және одан тыс жерлердегі барлық бақылау-өткізу бекеттерінде тексеру күшейтілді.

Тегтер: жарылысмешітПәкістан

Соңғы жаңалықтар

Бруцеллёз – профилактика и защита здоровья: какие профилактические меры проводят в Алматинской области

Николай Иващенко
11.03.2026

Молодежь активно поддерживает проект новой Конституции страны

Николай Иващенко
11.03.2026

437,9 тыс. га засеют сельхозкультурами в Алматинской области

Николай Иващенко
11.03.2026

Мужчина ударил ногой в живот соседке по даче в Алматинской области

Николай Иващенко
11.03.2026

Снегопад, метель и гололед: жителей Алматинской области предупредили о непогоде

Николай Иващенко
11.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz