«2023 жылғы 8 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына келесі саяси партиялардың партиялық тізімдері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы құжаттар ұсынылды:
1. «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі;
2. «Ақ Жол» Қазақстан демократиялық партиясы қоғамдық бірлестігі;
3. «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» республикалық қоғамдық бірлестігі;
4. Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы қоғамдық бірлестігі;
5. «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы қоғамдық бірлестігі;
6. «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігі;
7. «Respublica» партиясы қоғамдық бірлестігі», — делінген ОСК-ның ақпараттық хабарламасында.
Кандидаттарды ұсыну бүгін сағат 18.00-де аяқталды. Үміткерлерді тіркеу 18 ақпанға дейін жалғасады. Содан кейін үгіт басталады, ол 20 наурызға белгіленген дауыс беруден бір күн бұрын аяқталады.
«Amanat» партиясының партиялық тізімінде — 90 адам, «Ақ Жол» партиясында — 54, «Қазақстан Халық» партиясында – 52, «Ауыл» партиясында – 25, «Respublica» партиясында – 25, ЖСДП – 19, «Байтақ» партиясында – 18 адам бар.