Басқосуға отандық IT саласының үздіктері мен осы мамандықта білім алып жүрген жастар қатысты. Олар өз ойларын ортаға салып, тың идеяларымен бөлісті. Жиында еліміздің IT әлеуеті айтылды. Мета-форумға қатысқан жастар өздерімен бірге білім, экология, агроөнеркәсіп, өндіріс саласына өзгеріс әкелер жаңа жобаларын көрсетті.
«Бүгін біз өте әдемі іс-шара өткізіп жатырмыз мета-форум деген. Бүкіл IT саласында жұмыс істеп жүрген қызметкерлер, кәсіпкерлер жиналып, өздерінің ұсыныстарын көрсетіп, айтып жатыр», — деді партияның төрағасы Айдарбек Қожаназаров.