«Қауіпті деңгейден асқан жағдайда өзеннің төменгі ағысында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі болуы мүмкін», – делінген синоптиктер мәліметінде.
Су деңгейге көтерілуі мүмкін өзендер:
Түркістан облысында:
– Устье – Келес өзені (14 сәуір сағат 08.00-де деңгейі 294 см болды. Қауіпті деңгей – 500 см);
– Қараспан ауылы – Бадам өзені (14 сәуір сағат 08.00-де – 186 см, қауіпті деңгей – 431 см);
– Екпінді ауылы – Бөген өзені (14 сәуір сағат 08.00-де – 236 см, қауіпті деңгей – 560 см);
– Қантағы ауылы – Қарашық өзені (14 сәуір сағат 08.00-де – 192 см, қауіпті деңгей – 350 см);
– Боралдай ауылы – Боралдай өзені (14 сәуір сағат 08.00-де – 209 см, қауіпті деңгей – 380 см);
– Жарықбас ауылы – Қатты бөген өзені (14 сәуір сағат 08.00-де – 260 см, қауіпті деңгей – 536 см);
– Ақбет өзенінің сағасынан 3,3 км төмен – Шаян өзені (14 сәуір сағат 08.00-де – 118 см, қауіпті деңгей – 260 см);
– Арыс теміржол станциясы – Арыс өзені (14 сәуір сағат 08.00-де – 310 см, қауіпті деңгей – 849 см).
Алматы облысында:
– Фабричный ауылы – Ұзын Қарғалы өзені (14 сәуір сағат 08.00-де – 91 см, қауіпті деңгей – 240 см);
– Сарыторғай шатқалы – Шарын өзені (14 сәуір сағат 08.00-де – 122 см, қауіпті деңгей – 762 см);
– Талғар қаласы – Талғар өзені (14 сәуір сағат 08.00-де – 274 см, қауіпті деңгей – 368 см).
Жетісу облысында:
– Плодоконсервный ұмсо. – Көктал өзені (14 сәуір сағат 08.00-де – 107 см, қауіпті деңгей – 226 см).