Аталған құжатқа:
- Алматы облысы үшін аса маңызды — әлеуметтік қорғау, халықтың кірісін арттыру және денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және білім салаларында қайырымдылық көмек көрсету бойынша қарым-қатынастарды нығайту және қолдауды кеңейту, сондай-ақ кәсіпорындармен, ұйымдармен қайырымдылық мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
- әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде қайырымдылықты дамытуға бағытталған ықтимал әдістер мен құралдарды айқындау, қайырымдылық саласында үйлестіру және өзге де қолдау көрсету;
- қоғамда қайырымдылықтың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, қолдау және нығайту арқылы қоғамның өзін-өзі ұйымдастыруын дамытуға жәрдемдесу;
- азаматтар мен қоғамның мәдени және білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында қол қойылды.
Осы Меморандумның ережелерін орындау үшін қос тараптың тиісті бөлімшелері өз өкілеттіктері мен құзыреті шегінде және ҚР заңнамасына сәйкес тікелей ынтымақтасады.