Сайлауды өткізуге 174,1 миллиард сум жұмсалған. Сондай-ақ, ел президенттігіне төрт үміткер ресми тіркелген болатын. Олардың қатарында:
– «Экологиялық партия» өз көшбасшысы Абдушүкүр Хамзаев,
– «Халықтық-демократиялық» партия Ұлықбек Иноятов,
– «Адолат» социал-демократиялық партиясы Жоғарғы сот төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Робахон Махмудова,
– «УзЛиДеП» партиясы қазіргі президент Шавкат Мирзиеев.
Сайлауда жеңіске жету үшін үміткер 50 пайыздан астам дауыс жинауы керек. ОСК сайлаудың алдын ала нәтижелерін 10 шілдеде жариялайды деп күтілуде.