«Жалпы ҰБТ электронды форматта 3 тестілеу орталығында өтті. Осыған дейін ҰБТ маңызды артықшылықтарының бірі – әр балаға берілетін екі мүмкіндік. Тестілеудің ең жақсы нәтижесін грант иелену үшін конкурсқа жолдай алады. ҰБТ тапрсыруға 166 мың талапкер 305 мың өтініш білдірген. Олардың 162 мыңы ҰБТ-ның 2 мүмкіндігін қоса есептегенде 291 мың рет тапсырды. Тестілеу бойынша 135 мыңға жуық талапкер шекті балл жинады. Бұл қатысушылардың 83 пайызын құрады. Былтыр ол көрсеткіш 67 пайыз болған», — деді ол.
Ерғалиев атағандай, ҰБТ-ның орташа балы өткен жылмен салыстырғанда 7 балға өсіп, 73 балды құраған.
«5 адам 137 балға ие болса, 868 оқушы 120 балдан жоғары көрсеткішке ие болды. ҰБТ-ны 75 пайызы қазақ тілінде, 24 пайызы орыс тілінде, 1 пайызы ағылшын тілінде тапсырды. Тестілеу 5 пән бойынша өтті», — деді вице-министр.
Ол атағандай, биыл гранттардың саны 73 мыңды құрап отыр.