Таңертең Шамалған стансасында әйелдер арасында жаппай төбелес болғанын жазғанбыз. Қазір ПД бастығы ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (бұзақылық) бойынша іс қозғалғанын жазды.
«Куәгерлердің айтуынша, оқиға 24 шілде күні Шамалған стансасында орналсқан бассейн әкімшілігі мен келушілердің бірі арасында сағат 12.30 шамасында болған», — деп жазды Бауыржан Әленов.
Аталған жайтқа байланысты тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалық тексерулер тағайындалды.