Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен кездесті

17.06.2022
Жаңалықтар
Ақорда

Ақорда

Кездесу барысында Қазақстан мен Татарстанның сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын кеңейту перспективалары достық рухта талқыланды. Экономиканың маңызды секторларындағы бірлескен жобаларды Қазақстан аумағында жүзеге асыруға, еліміздің зауыттарын Ресей Федерациясының өндіріс жүйесімен қатар дамытуға баса мән берілді.

Сонымен қатар «КАМАЗ» және «Татнефть» компанияларымен бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысы қарастырылды. Кездесуге бұл компаниялардың да басшылары қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев Рустам Миннихановқа ілтипат білдіре отырып, өзінің Татарстанға барған сапарын айрықша ықыласпен еске алды. Оның нәтижелері ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға тың серпін берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ресеймен көпжақты қатынастарында маңызды орын алатын қазақ-татар байланыстарының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

 

– Уағдаластықтарымыздың қалай жүзеге асырылып, көздеген мақсатқа қалай қол жеткізіп жатқанымызды көріп отырмын. Бәрі де бақылауда деп айтуға болады, – деді Қазақстан Президенті

 

2021 жылдың қорытындысы бойынша Республикамен арадағы тауар айналымы 423 миллион доллар болды. Биылғы төрт айдың ішінде 143 млн долларға жетті. Машина жасау саласындағы ірі жобалар табысты жүзеге асырылып жатыр. Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық форумы ынтымақтастықты кеңейтуге жақсы мүмкіндік береді.

Өз кезегінде Рустам Минниханов Петербург халықаралық экономикалық форум аясында кездесуге мүмкіндік туғызғанына ризашылығын білдіріп, татар компанияларының қазақстандық серіктестерімен ықпалдастық орнатуына қолдау көрсетіп жатқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

Еске сала кетер болсақ, Президент Петербург халықаралық экономикалық форумының 25 жылдығына арналған жиынға қатысу үшін Санкт-Петербургке келген болатын.

Тегтер: Қасым-Жомарт ТоқаевТатарстан
Please login to join discussion

Соңғы жаңалықтар

«Ұлттық қор – балаларға»: үш жылда 7 миллион балаға 2,5 млрд доллардан астам қаржы аударылды

Қорлан Нұрланқызы
13.03.2026

Алатау қаласында екі жаңа автобус маршруты іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
13.03.2026

Қазгидромет 13 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады

Қорлан Нұрланқызы
13.03.2026

Қонаев қаласында референдумды қолдау мақсатында дрон-шоу өтті

Мөлдір Иманмади
12.03.2026

«Таза Қазақстан – таза болашақ кепілі!» атты жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шара Қонаев қаласында өтті

Мөлдір Иманмади
12.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz