«Алаяқтармен күресудің тиімді әдістерінің бірі – жалған нөмірлерді бұғаттау. Қыркүйек айының соңына дейін байланыс операторлары алаяқтар қоңырау шалатын жалған телефон нөмірлерін анықтап, бұғаттайды. Цифрлық даму министрлігі азаматтардың қауіпсіздігін ескере отырып, ұялы нөмірлерді тіркеу кезінде биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізуді қарастырып жатыр. Осылайша, біз телефон нөмірлерінің бөтен адамдарға тіркелу жағдайларының алдын алғымыз келеді», — деп жазды министр.
Сондай-ақ министрлік интернет-алаяқтыққа қарсы ақпараттық-түсіндіру бағытында банктермен тығыз әрекет жасауды ұсынып отыр. Өйткені алаяқтық фактілер көп жағдайда банк операцияларымен тікелей байланысты. Бағдат Мусин банк қызметкерлері тұрғындарға хабарласқан уақытта оның шынымен банктен хабарласып тұрғанына көз жеткізу үшін SMS-хабарламалар арқылы сәйкестендіру жүйесін енгізуге болатыны туралы да атап өтті.
Министр аталған бастамалардың мәселені түбегейлі жоймайтынын, тек мәселені шешудің бір ғана жолы екенін ескертті.
Салыстырмалы түрде алатын болсақ, 2016 жылы халықты алдаудың 1 мың жағдайы тіркелген болса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 21 мыңға өскен.