Көлік қатынасының қолайлылығы мәселесі Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының Балқашта өткен отырыстарында бірнеше рет көтеріліп, туризмді дамыту жөніндегі кеңесте қаралды. Осы сала өкілдерінің пікірінше, бұл бастаманың жалпы өңір экономикасының дамуы үшін маңызы зор.
«Көлік логистикасын жақсарту туризмді дамытуда және өңір тұрғындары мен қонақтары үшін қызмет көрсету сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады», – дейді «WORLD SERVICE GROUP» ЖШС коммерциялық директоры Александр Кулинич.
Және өңірлер мен қалалар арасындағы байланыстарды нығайта отырып, жұмыстың көптеген бағыттары үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Пойыз қозғалысының кестесі:
- Балқаш – Алматы: жұп сандар бойынша жөнелту 07:52,
Алматыға келу – 00:58.
- Алматы – Балқаш: тақ сандармен 00:10-да жөнелту,
Балқашқа 15:03-те келу.
Жол жүру уақыты 17 сағаттан сәл асады.