«Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Өтеген батыр ауылында мәдениет үйінің құрылысына 501,2 млн. теңге бөлінді. Нысан ендігі жылы қолданысқа беріледі. Жобаның жалпы құны – 1,8 млрд теңге», – деді Марат Сұлтанғазиев.
Жиында биыл Іле ауданындағы Жаңаталап, Көкқайнар, Междуреченск, Боралдай ауылдарында мектептердің құрылысы аяқталатыны жайлы да айтылды.
«Облыста барлығы 52 үш ауысымдық мектеп бар, оның 21-і Іле ауданында орналасқан. Ауданда 30 мұғалім тапшылығы бар», – деді өңір басшысы.