17 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Қазан 4, 2023
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

АЭС: Қоғамдық тыңдалым жайында

Бүгін Үлкен ауылында АЭС салуға байланысты қоғамдық талқылау өтіп жатыр.

Ақерке Жұмағазықызы
22.08.2023
Аймақ
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Жұртшылықтың пікірі түрлі болғанымен, Алматы облысының әкімдігі мамандары мұндай тарихи шешім қабылдар алдында қоғамдық талқылау өткізу маңызды екенін алға тартып отыр. Мамандардың сөзінше, халықпен жүздесіп, сөйлесу – елдің энергожүйесін одан әрі дамыту жолы туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Ал ғалымдар көмірден энергия өндіруден бас тартатын уақыт келгенін айтады.

«Бүгінде Қазақстан көмір генерациясы есебінен энергияның жалпы үлесінің 70% өндіреді. Бірақ, экологияға келтіретін залалына байланысты одан бас тартуға тура келеді. Осыған байланысты баламалы энергетика қажеттілігі артып отыр. Қазақстан уран өндіру бойынша көшбасшы ретінде өзінің атом электр станциясын салу – экологиялық және энергетикалық тұрақтылыққа қол жеткізудің кілті ғана емес, артық электр энергиясын сату есебінен экономикалық өсу перспективаларын ашуы мүмкін», – делінген «Қазақстандық АЭС» ұйымының ғалымдар тұжырымдамасында.

Энергетика министрлігінің мәліметтері бойынша электр энергиясының тапшылығы тәулігіне 1200 МВт-қа жетеді.

Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, қазіргі уақытта 31 елде АЭС бар. Мысалы, Францияда 6-дан 14-ке дейін жаңа реакторлар салу жоспарланып отыр. Олардың біріншісі 2035 жылға қарай іске қосылады. Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Беларусь, Бангладеш, Египет сияқты атом энергетикасына «жаңадан келген» елдер АЭС салу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.

Мәслихат депутаттары Алматы облысында АЭС салу, салмау туралы шешімді станцияның құрылысын жергілікті халықтың келісімінен кейін қабылдайды.

Тегтер: Алматы облысыаэсБасты жаңалықтар

Ұсынымдар

Балқаш ауданындағы Қарағаш мектебі күрделі жөндеуден өтеді

04.10.2023

Алматы облысында кішкентай қызды зорлады деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталды

04.10.2023

Алматы облысының спорт мектебіне жаңа басшы тағайындалды

04.10.2023

Іле-Алатауы ұлттық паркінің инспекторы аяусыз соққыға жығылған

04.10.2023

Марат Сұлтанғазиев Тасмұрын каналында шлюз салуды тездетуді тапсырды

04.10.2023

Алматы облысы жол апаты жиі болатын өңірлер қатарында

03.10.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz