Қасенәлі Саматыров – кешегі Көдек ақын, Құлманбеттердің мақам-сазын бүгінгі күнге жеткізуші, айтыс өнерінің өркендеп қанат қағуына мұрындық болған жандардың бірі. Қасенәлі ақын – біртуар талант, орақ тілді Оразалы Досбосыновқа, бүгінде елге танымал Бақыт Жағыпар, Жұматай Оспанұлы сынды сөз ұсталарына ұстаз болған жан.
Ол өзінің композиторлық қырымен де қалың елге кеңінен танымал. «Қайран Қарасазым-ай», «Қызыма» т.б әндері бүгінгі күнде жұртшылықтың сүйіспеншілігіне бөленген.
Шара барысында елге белгілі ақын-жазушылар естелік әңгімелер айтып, белгілі әнші-термешілер ақынның жырлары мен әндерінен шашу шашты.
Көрмеде ақынның республикалық айтыстарда жанынан тастамай ұстап жүрген домбырасы мен Мемлекеттен алған сыйлықтары көрермен назарына ұсынылады.
А. А. Барманбекұлы атындағы орта мектеп-гимназиясының 8-11 сынып оқушыларымен, Райымбек аудандық білім бөліміне қарасты аудандық 23 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары және аудандық мәдениет саласының қызметкерлері атсалысты.