-1 °c
Qonaev
Дүйсенбі, Ақпан 6, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

«АлЭС» АҚ стансаларының негізгі жабдықтарының 80% тозығы жеткен

Бұл туралы Алматы облысының тұрғындарымен кездескен ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов айтты.

Ақерке Жұмағазықызы
25.12.2022
Аймақ
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«АлЭС» АҚ стансаларының негізгі жабдықтарының орташа физикалық тозуы – 80 %, «Мойнақ ГЭС» АҚ – 28%-ды құрайды. Энергетика министрлігі «АлЭС» АҚ электр энергиясын өндіруге арналған шекті тарифті 11,19 теңге/кВтсағ, «Мойнақ ГЭС» АҚ – 11,71 теңге/кВтсағ деңгейінде бекітті», – деді вице-министр.

Оның айтуынша, облыстағы электр энергиясының кемшіліктері «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның ірі энергетикалық жүйесі арқылы жабылады. Бірақ мұнда да проблема жоқ емес. Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Табиғи монополияларды реттеу комитетінің ақпараты бойынша электр желісінің тозуы 66,5 %-ға жетті.

«Жоғары тозуды азайту мақсатында «Инвестицияларға айырбастау тарифі» бағдарламасы қабылданады. Ол энергия және жылу өндіруші ұйымдардың қолданыстағы активтерін қайта құруға, жаңғыртуға және кеңейтуге мүмкіндік береді», – деді жаңа бағдарлама туралы сөз қозғаған Жандос Нұрмағанбетов.

Сонымен қатар ол жақында «Жылу энергетикасы туралы» Заң қабылданатынын айтты.

Айта кетейік, «АлЭС» Акционерлік қоғамы Алматы қаласы мен Алматы облысында жылу мен электр энергиясын өндіру қызметін жүзеге асыратын кәсіпорын.

Облыстың электр және жылу энергиясына қажеттігін Алматы ЖЭО-3 (Электр және жылу), Қапшағай ГЭС (электр) және Мойнақ ГЭС (электр) қамтамасыз етеді, олардың белгіленген электр қуаты 837 МВт-қа тең.

Биыл облыста электр энергиясын өндіру көлемі 6 млрд. кВтсағ құрады. Ал тұтыну көлемі – 10,2 млрд. кВтсағ.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Ұсынымдар

Қонаев қаласында қоғамдық көліктің қосымша 2 бағыты іске қосылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының Жиделі ауылында су тасқынына қарсы шара жүргізілді

05.02.2023

Қазақстанда ұстаздар күнін 5 қазанға белгілеу ұсынылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жамбыл мен Алматы облыстарында құтқарушылар су тасқынының алдын алды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысында Ұзынағаш-Отар жолын су алды

05.02.2023

«Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

04.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz