Қазақстанда қазіргі таңда 265 баспана іздеуші және 301 босқын ресми түрде тіркелген. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ел аумағынан баспана алған барлық шетел азаматтарына мемлекет тарапынан халықаралық міндеттемелерге сәйкес қорғау мен қолдау көрсетіледі.
Баспана іздеуші және босқын мәртебесіне ие тұлғаларға:
-
Тегін медициналық көмек – мемлекеттік кепілдік шеңберінде,
-
Атаулы әлеуметтік көмек – қолданыстағы заңнамаға сәйкес беріледі.
Бұдан бөлек, бұл азаматтар:
-
Еңбек етуге және кәсіпкерлікпен айналысуға толық құқылы.
-
Олардан еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органның арнайы рұқсаты талап етілмейді — бұл оларды өзге шетелдіктерден ерекшелендіреді.
Сондай-ақ, босқындар:
-
Қазақстанда тұрақты тұруға және азаматтық алуға өтініш бере алады.
-
Бұл ретте, оларға туған елінен сотталмағаны туралы анықтама тапсыру міндетті емес.
Айта кету керек, 24 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге этносаралық қатынастарға ерекше назар аударуды тапсырды. Бұл елдегі әлеуметтік тұрақтылық пен адам құқықтарын сақтау саясатының айқын дәлелі.