-1 °c
Qonaev
Дүйсенбі, Ақпан 6, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматы облысы әкімінің орынбасары кәсіпкерлермен кездесті

Алматы облысы әкімінің орынбасары Арслан Дандыбаев бірқатар серіктестік өкілдерімен кездесті. Аталған басқосу Алматы қаласындағы Алматы облысының өңірлік даму орталығында өтті, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

Ақерке Жұмағазықызы
28.09.2022
Аймақ
Фото: Alataunews.kz/Сұлтан Тілекұлы

Фото: Alataunews.kz/Сұлтан Тілекұлы

WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Облыс әкімінің орынбасары серіктестік өкілдерімен жеке-жеке сөйлесіп, ұсынып отырған жобаларымен танысты. Арслан Дандыбаевпен кездесуге келген кәсіпорындар:

  • «AUKAT INVEST» ЖШС;
  • Есік қаласындағы «Винзавод» АҚ;
  • «Tengri LLC» ЖШС;
  • «Якар» ЖШС;
  • «SG BRICK» ЖШС.

Оның ішінде, «AUKAT INVEST» ЖШС – Еңбекшіқазақ ауданындағы 25 елдімекенге газ тарту жобасын ұсынды.

«Қазір бұл жобаның құны қанша болатыны толық есептелген жоқ. Аталған кәсіпорын газ тартуды өз қаражатына жасайды. Яғни, кәсіпорынның ұсынып отырғаны – инвестициялық жоба», – дейді облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Дастан Шалтабаев.

Фото: Alataunews.kz/Сұлтан Тілекұлы

«Винзавод» ЖШС-нің директоры Дмитрий Зененко болса алма өндіретін және оны өңдейтін кәсіпкерлер ассоциациясын құру тұралы ұсыныс білдірді. Оның айтуынша, кез келген өңдеуші кәсіпорын жұмысын жолға қоюда бірқатар кемшіліктер бар, соның бірі – нормативтік құқықтық заңдар.

«Заңды дұрыстап берсе және ассоциация құруға көмек етсе, Қазақстан шарабымен шетелдік нарықты жаулап алар едік», – деді ол.

Фото: Alataunews.kz/Сұлтан Тілекұлы

«Tengri LLC» ЖШС – Қытайлық компанияның медицина өнімдерін Алматы облысына әкелу туралы жобасын таныстырды.

«Якар» ЖШС – кондитерлік өнім шығаратын зауыт. Серіктестік басшысы Дженгиз Якардың айтуына қарағанда түрлі тәттілер шығаруда кәсіпорынның толық қауқарын көрсету үшін ток қуаттылығы жетпейді. Дженгиз Якар әкім орынбасарынан осы мәселені шешуге көмек етуін сұрады.

«SG BRICK» ЖШС өкілдері болса Алматы облысында жылына 50 млн кірпіш шығаруға мүмкіндігі бар зауыт салуды ұсынды. Маманның мәліметінше, көп құрылыс жүргізіліп жатқан аумақта мұндай зауыттың керектігі рас.

Кәсіпкерлермен кездескен Арслан Дандыбаев алдағы уақытта да бұл жобалар мен ұсыныстар қайта пысықталып, түрлі салаға жауапты мамандарымен кеңейтілген отырыс өткізетінін айтты.

Фото: Alataunews.kz/Сұлтан Тілекұлы

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: газ тартужоба

Ұсынымдар

Қонаев қаласында қоғамдық көліктің қосымша 2 бағыты іске қосылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының Жиделі ауылында су тасқынына қарсы шара жүргізілді

05.02.2023

Қазақстанда ұстаздар күнін 5 қазанға белгілеу ұсынылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жамбыл мен Алматы облыстарында құтқарушылар су тасқынының алдын алды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысында Ұзынағаш-Отар жолын су алды

05.02.2023

«Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

04.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz