«Аурухана 2020 жылы сенімгерлік басқаруға берілді. 2 жыл ішінде Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы кредиторлық қарызын төлеп, Ұлттық аккредиттеу бойынша бірінші санатты алды. Бұдан басқа, 16 дана жаңа жабдық сатып алынды», – деді кездесу барысында Жұмағали Қазыбайұлы.
Оның айтуынша, аурухана аумағында науқастарға арналған 2 қабылдау, жаңа туған нәрестелер патологиясы және шала туылған нәрестелерді күту, кардиореанимация бөлімшелері мен зертхана орталығы ашылды.
Сондай-ақ ол клиниканың заманауи диагностикалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілгенін айтты.