-6 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Ақпан 1, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматы облысы – бал арасын өсіруге қолайлы өңір

Мұны Алматы облысы әкімінің орынбасары Арслан Дандыбаевтың қабылдауында болған кәсіпкер Әлішер Сейтен айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

Ақерке Жұмағазықызы
27.09.2022
Аймақ
Фото: Alataunews.kz/Сұлтан Тілекұлы

Фото: Alataunews.kz/Сұлтан Тілекұлы

WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Елімізде танымал ара балының түрі Өскеменде өндіріледі. Дәл шығыстағыдай климат Алматы облысында да байқалады. Сол себепті өңірде бал арасын өсіріп, олардың санын көбейтіп, сапалы бал өндірісін үлкен бизнеске айналдыруға болады.

«Қазіргі уақытта «Bee Queen» шаруашылығында 200 ара отбасы бар. Соңғы жылдары шаруашылықта аралар 15 тонна өнім беріп жүр», – дейді кәсіпорынның директоры Әлішер Сейтен.

Оның айтуынша, облыста омарташылар көп, бәрі жеке жұмыс істейді. Омарташылардың басын біріктіріп, үлкен серіктестік құрса, жақсы жетістікке жетуге болады.

«Сіздерден сұрарым, серіктестік құруға қол ұшын берсеңіздер. Облыстағы омарташылар жылда бал арасын шетелдіктерден сатып алады. Жыл бойы оларды өсіріп, көбейтеді, жер болмаған соң кәсіпкерлер жылда қайтадан ара сатып алу, өсіру процесін қайталап жасайды. Бұл саланың өркендеуіне әкелмейді», – дейді Әлішер Сейтен.

Фото: Alataunews.kz/Сұлтан Тілекұлы

Кәсіпкер Қазақстанда омарташылықтың қыр-сырымен таныстыратын жоғарғы оқу орны жоғын айтады. Тек селекция бағытында оқытатын білім ошақтары бар. Сондықтан өзі Польшаға арнайы барып, омарташылық мамандығын меңгеріп келген. Сонымен қатар кәсіпкер жыл он екі ай бал арасын өсіруге, көбейтуге болатынын атап өтті. Ол үшін мемлекеттік маңызы бар үлкен тас жолдың бойына арнайы нысана салу керек.

«Айналып келгенде, мәселенің шешімі қаржыға тіреліп тұр», – дейді ол.

Облыс әкімінің орынбасары Арслан Дандыбаев бизнес өкілінің мұң-мұқтажын тыңдап, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасымен біріге отырып, аталған мәселеге қаржылай көмек көрсетілетінін айтты. Және де бал өндірісінің расында басқа шаруашылықтардың көлеңкесінде қалып жатқанын тілге тиек етті.

Ұсынымдар

Түрмеге нанның арасына телефон жасырып өткізбек болған әйелдің әрекеті әшкере болды

01.02.2023

Алматы облысында «Қазақ» газетінің 110 жылдығына орай кеңес өтті

01.02.2023

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды қабылдады

01.02.2023
Фото: Аслан Қажеке

«Көлсай көлдері» ұлттық паркінің аумағында Нидерланды технологиясы енгізілмекші

01.02.2023

Алматы облысында апатты жағдайдағы су қоймалары жоқ – ТЖД

01.02.2023

«Subaru» автокөлігі Қапшағайда мұз астына түсіп кетті

01.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz