-6 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Ақпан 1, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматы облысы: балаларды қолдау орталығы жаңа жыл мерекесін атап өтті

Бүгін Алматы облысы білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева өңірдегі балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерін жаңа жыл мерекесімен құттықтап, сыйлықтар табыс етті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Ақерке Жұмағазықызы
30.12.2022
Аймақ
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«Жаңа жыл – әрбір бала асыға күтетін мереке. Облыс басшысы осынау мерекеде балаларды қуанту үшін арнайы сый-сияпатын жіберді. Мұндағы балалар сабағын жақсы оқып, түрлі байқауларда топ жарып жүр. Әрі мемлекеттік тілде еркін сөйлейді. Балалардың қоғамға бейім болып өсуі үшін ұстаздар мен тәрбиешілер барын салып, еңбек етіп жатыр», – деді Салтанат Беспаева.

Балаларға түрлі тәттілер мен ойыншықтар, теннис үстелі сыйға берілді.

7-сыныпта оқитын Ақбота Рустамбекова өзінің жүрекжарды қуанышымен бөлісті.

«Бүгінгі сыйлықтар қатты ұнады. Сол үшін алғыс айтамын. Шырша мерекесінде би билеп, өнерімді көрсеттім. Одан бөлек сурет саламын, домбыра аспабында ойнаймын. Ал арманым – дәрігер болу», – деді Ақбота.

Ал қазақ тіліне өте жатық 4-сынып оқушысы Михаил Вилкин мерекенің қызықты өткенін айтады. Ол математика мен компьютерлік бағдарламаларға қызығатынын жеткізді.

«Ағай, апайларға рахмет. Өте қуаныштымыз! Жаңа жыл баршаңызға бақыт әкелсін», – деді ол.

Айта кетейік, балалар үйінде 83 бала тәрбиеленіп жатыр.

Тегтер: Алматы облысыжаңа жыл

Ұсынымдар

Түрмеге нанның арасына телефон жасырып өткізбек болған әйелдің әрекеті әшкере болды

01.02.2023

Алматы облысында «Қазақ» газетінің 110 жылдығына орай кеңес өтті

01.02.2023

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды қабылдады

01.02.2023
Фото: Аслан Қажеке

«Көлсай көлдері» ұлттық паркінің аумағында Нидерланды технологиясы енгізілмекші

01.02.2023

Алматы облысында апатты жағдайдағы су қоймалары жоқ – ТЖД

01.02.2023

«Subaru» автокөлігі Қапшағайда мұз астына түсіп кетті

01.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz