-6 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Ақпан 1, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматы облысы – біздің еліміздегі туристік саланың флагманы

Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қонаев қаласының халқымен басқосу барысында айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

Ақерке Жұмағазықызы
19.10.2022
Аймақ
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«Алматы облысы – біздің еліміздегі туристік саланың флагманы. Оның басты бәсекелестік артықшылығы – өлкенің бай табиғатында. Ұлттық байлықтың, оның ішінде, көркем шатқалдар, су айдындары, ұлттық саябақтар мен қорықтардың заңсыз жекешелендірілуіне жол берілмейді. Үкімет пен әкімдік мұндай фактілерге ерекше назар аударуы қажет», – деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің мәліметінше, Іле Алатауы өзінің бірегей жабайы өсімдіктері мен жануарларымен танымал. Бұл жер әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді тарту үшін қуатты магнит бола алады.

«Халықаралық ұйымдармен бірлесе отырып, біз Алатауда еліміздің киелі символы – қар барысының санын көбейтуге күш саламыз. Іле-Балқаш табиғи резерватында жолбарыстарды реинтродукциялаудың бірегей жобасы іске қосылды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ұлттық парктеріне келушілер саны 1,5 миллионға жеткені қуантады – бұл рекордтық көрсеткіш», – деді ҚР Президенті.

Оның айтуынша, облыстың туристік әлеуетін арттыруға Таңбалы Тас шатқалында «Tengri Ultra» марафоны және Қапшағай су қоймасында «Oceanman» жүзу додасы сияқты халықаралық жарыстарды өткізу ықпал етеді. Қазіргі уақытта бұл су қоймасы ауыз сумен жабдықтау, суару, балық аулау, рекреация көзі ретінде пайдаланылады. Үкімет Қапшағай су қоймасының мәртебесін елдің негізгі туристік нысандарының бірі ретінде белгілеуі керек.

Сонымен бірге Мемлекет басшысы туризмнің аймақтағы ауыл шаруашылығының тұрақты өсуіне ықпал етуі мүмкін екенін айтты. Қазақстан сияқты теңізге шыға алмайтын Австрия да тау шаңғысымен қатар шарап туризмін табысты ілгерілетіп, өзінің жүзім шаруашылығына және аграрлық секторына жәрдемдесіп жатыр. Бұл – Қазақстан үшін жақсы үлгі.

«Қазақстанда 80-ге жуық елдің азаматтары үшін визасыз режим қолданылады. Бірақ тұтастай алғанда туризм саласындағы жағдайды қанағаттанарлық деп атауға болмайды», – деді ҚР Президенті сөз соңында.

Тегтер: Қазақстанмемлекет басшысыТуризм

Ұсынымдар

Алматы облысында «Қазақ» газетінің 110 жылдығына орай кеңес өтті

01.02.2023

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды қабылдады

01.02.2023
Фото: Аслан Қажеке

«Көлсай көлдері» ұлттық паркінің аумағында Нидерланды технологиясы енгізілмекші

01.02.2023

Алматы облысында апатты жағдайдағы су қоймалары жоқ – ТЖД

01.02.2023

«Subaru» автокөлігі Қапшағайда мұз астына түсіп кетті

01.02.2023

Жетісу облысында сыртқы жарнама үшін негізсіз салық есептелген – Антикор

01.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz