-1 °c
Qonaev
Дүйсенбі, Ақпан 6, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматы облысы: енді шаруалар 2,5% несиемен асыл тұқымды мал ала алады

Аталған бағдарлама облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ұсынысымен қолға алынды.

Ақерке Жұмағазықызы
08.12.2022
Аймақ, Жаңалық
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«Лизинг» жобасы шалғай жатқан елді мекендердегі шаруашылықтардың әл-ауқатын жақсарту, мал тұқымын асылдандыру мақсатын көздейді.

«Жаңадан іске қосылған бағдарлама арқылы шаруалар 2,5 пайыздық несиемен 5 жыл мерзімге асыл тұқымды мал алуына болады. Облыс әкімдігінің қолдауымен алынған малдың 20 пайызы кепілдікте тұрады. Биыл 2000-нан астам асыл тұқымды ірі қара, 10000 бас қой тұқымын үлестіруді жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда 15 шаруа қожалығынан өтініш түсті», – деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Бауыржан Садықов.

Фото: Аслан Қажеке

Оның айтуынша, облыс әкімдігі шаруаларға мал үлестіру үшін Ақөзек ауылындағы «Dinara Group» агрохолдингінің филиалымен екіжақты келісімге қол қойды.

«Біздің холдинг 4 бағытта жұмыс жасайды. Оның ішінде, ангус және герефорд секілді ірі қараның етті екі түрін, сүтті галштейн сиырын, қойдың меринос, жылқыдан Мұғалжар тұқымдарын өсіреміз, ешкіміз де бар. Қаншама жылғы еңбегіміздің нәтижесінде 43000 бас мал жиналды. Асыл тұқымды мал өзіміздің облыста қалса деген ойымыз бар. Ақөзектен шыққан қой мен сиыр басқа аудандарға барып жерсініп, өсіп кетсе қуанамыз», – деді серіктестік басшысы Бақыт Атайбеков.

Фото: Аслан Қажеке
Тегтер: мал шаруашылығы

Ұсынымдар

Қонаев қаласында қоғамдық көліктің қосымша 2 бағыты іске қосылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының Жиделі ауылында су тасқынына қарсы шара жүргізілді

05.02.2023

Қазақстанда ұстаздар күнін 5 қазанға белгілеу ұсынылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жамбыл мен Алматы облыстарында құтқарушылар су тасқынының алдын алды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысында Ұзынағаш-Отар жолын су алды

05.02.2023

«Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

04.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz