Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында діни ахуал сараланды

Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Ішкі аясат бөлімінің ұйымдастыруымен, «Адам және қоғам» қоғамдық ұйымының қолдауымен діни бірлестік жетекшілерінің отырысы өтті.

05.10.2023
Аймақ

Аудан әкімі Алтай Досымбаев төрағалық еткен отырысқа көрнекті дін қайраткері, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тұңғыш бас мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы, мәслихат төрағасы Бекет Ахметов және аудан аумағындағы діни бірлестік жетекшілері қатысты. Ең алдымен аудан әкімі Алтай Машикұлы отырыстың мән-маңызына тоқталды.

«Өздеріңізге белгілі, еліміздің дін саласындағы саясатын тиімді жүргізу – баршамызға ортақ міндет. Осы тұста, жаһандық және аймақтық үдерістер ескерілуге тиіс. Бұған немқұрайлы қарауға болмайды. Елімізде 130-дан аса этнос өкілі мекен етеді, сәйкесінше 18 конфессия жұмыс атқарады. Дегенмен, халқымыздың басым бөлігі дәстүрлі діндерді ұстанғандықтан, ұлттық құндылықтарымызды кеңінен насихаттау үнемі күн тәртібінде тұруы керек. Бүгінгі таңда ауданымызда 54 этностан құралған 300 мыңнан аса тұрғын тату-тәтті тұрып жатыр. Осы орайда, аудан аумағында 8 конфессияның құрамына кіретін 93 діни бірлестік тіркеліп, қолданыстағы заңдарға сәйкес өз жұмыстарын атқарып отыр. Атап айтатын тағы бір үлкен мәселе – аудан аумағында етек жайып жатқан теріс пиғылды діни ағымдардың көбеюі. Аудан тұрғындарын, әсіресе жастарымызды жат ағымдардың кесапатынан сақтау – бәріміздің ортақ міндетіміз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, осы мәселе бойынша бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарсақ, жағымды нәтижеге қол жеткіземіз деп сенемін», – деді аудан басшысы.

Отырыста баяндама жасаған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Дархан Ахметов өңіріміздегі діни ахуалға тоқталды. Оның сөзінше, жыл басынан бері 1500-ге жуық тұрғынды қамтыған 38 іс-шара ұйымдастырылған.

Аталған отырыста көрнекті дін қайраткері Рәтбек қажы Нысанбайұлы да өз ойын ортаға салды. Еліміздің тұңғыш бас мүфтиі дінге бетбұрыс барын, дегенмен исламды əлі де толық түсінбеген жастарды өзге секталар, ағымдар, діндер жарты жолдан бұрып алып бара жатқанын айтты.

«Бұл – жақсылық емес. Қалай да осының алдын алуымыз керек. Зайырлы мемлекеттің де заңы бар. Зайырлы мемлекет екен деп баса көктеп кіре беруге болмайды ғой. Сондықтан, оларды тәртіпке салатын заң болуы керектігін қолдаймын. Миссионерлерден əр қазақ, əуелі өзін, сосын отбасын, ағайын-туысы мен жора-жолдасын сақтауы тиіс. Бізді азғырушылар көп. Сондықтан қазақ халқы өзімізді-өзіміз қорғауға тиіспіз», – деді Рәтбек қажы Нысанбайұлы.

Ауданымыздың діни ахуалының тұрақтылығын сақтауда елеулі еңбек етіп жүрген дін қызметкерлері де аз емес. Жиналыс соңында аудан тұрғындары мен жастарды теріс пиғылды діни ағымдардың зардабынан сақтап, көптеген игі істердің бастамашысы болып, ауданымыздағы діни, мәдени іс-шараларға белсенді қатысып жүрген азаматтарға аудан әкімі арнайы алғыс хаттар табыстады.

Тегтер: Алматы облысыЕңбекшіқазақ ауданы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жаңа ерікті өрт сөндіру пункті ашылды

Қорлан Нұрланқызы
14.03.2026

ІІМ референдум қарсаңында қазақстандықтарға үндеу жасады

Қорлан Нұрланқызы
14.03.2026

Іле ауданында жаңа медициналық нысандар ашылып, 132 тұрғынға пәтер табысталды

Қорлан Нұрланқызы
13.03.2026

Еңбекшіқазақ ауданының мұғалімі республикалық олимпиадада І орын иеленді

Қорлан Нұрланқызы
13.03.2026

«Ұлттық қор – балаларға»: үш жылда 7 миллион балаға 2,5 млрд доллардан астам қаржы аударылды

Қорлан Нұрланқызы
13.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz