-6 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Ақпан 1, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматы облысы: «Хан Тәңірі» спортшылар сыйлығы табыс етілді

Кеше Алматы облысы спорт саласының жыл қорытындысы жасалды. Атаулы күнге орай «Хан Тәңірі» спортшылар сыйлығы табыс етілді.

Ақерке Жұмағазықызы
28.12.2022
Аймақ
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Салтанатты шара барысында облыстық спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев өңірдегі бірқатар жаңалықтармен бөлісті.

«Облыс екіге бөлінгелі спорт басқармасына қарасты 4 мекеме құрылды. Спортпен шұғылданатын балалардың саны – 21000-нан астам. 2022 жылы 150-ден астам азиялық және әлемдік чемпионаттарда біздің спортшылар жүлдегер және жеңімпаз атанды. Облыс бойынша 4000-нан астам спорттық шаралар ұйымдастырылды. Құрметті әріптестер, еңбектеріңіз жана берсін! Бақытты әрі ұзақ ғұмыр кешіңіздер!», – деді Нұрбақыт Теңізбаев.

Фото: Аслан Қажеке

Марапатталғандар тізімі келесідей:

1. 5 000 000 теңге ақшалай сертификатымен және облыс әкімінің Алғыс хатымен қол добынан «Алатау арулары» командасы марапатталды. «Алатау арулары» қол добынан 2022 жылғы Қазақстан Республикасы Супер лигасының жеңімпаздары, Азия құрлығының «Чемпиондар Лигасы» квалификациялық турнирінің қола жүлдегері.

Фото: Аслан Қажеке

1 of 5
- +

2. 1 000 000 теңге ақшалай сертификатымен және облыс әкімінің Алғыс хатымен Орынбай Әсем марапатталды. Орынбай Әсем стенд атудан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ересектер арасында Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионы, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін жеңімпазы. 2024 жылы өтетін Париж Олимпиада ойындарына үміткер спортшының бірі.

Фото: Аслан Қажеке

1 of 5
- +

3. 1 000 000 теңге ақшалай сертификатымен және облыс әкімінің Алғыс хатымен Сұлтан Олжас марапатталды.

4. 400 000 теңге ақшалай сертификатымен және облыс әкімінің Алғыс хатымен спортшылар Шагаева Алтын, Сүндетбай Айдана, Аскаров Адлан марапатталды.

5. 300 000 теңге ақшалай сертификатымен және облыс әкімінің Алғыс хатымен Рященцев Игорь марапатталады. Спортшы байдарка мен каноэде есуден Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ересектер арасында Азия чемпионатының қола жүлдегері, Қазақстан Республикасының жеңімпазы. Париж Олимпиада ойындарына үміткер спортшы.

Дәл осындай марапатпен Еркебаева Гүлмарал марапатталды. Гүлмарал– әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әйелдер арасында Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионатының қола жүлдегері және Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы.

6. 450 000 теңге ақшалай сертификатымен және облыс әкімінің Алғыс хатымен Нуралиев Азамат марапатталды. Нуралиев Азамат пара қол күресінен Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ересектер арасында Азия чемпионатының қола жүлдегері, Әлем чемпионатының жеңімпазы.

 

1 of 5
- +

7. 350 000 теңге ақшалай сертификатымен және облыс әкімінің Алғыс хатымен Шлижевская Ольга марапатталды. Ольга қол күресінен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. Азия чемпионатының 5 дүркін жеңімпазы, Әлем чемпионатының 4 дүркін чемпионы. 2022 жылғы Әлем чемпонатының күміс жүлдегері.

8. 400 000 теңге ақшалай сертификатымен және облыс әкімінің Алғыс хатымен Құлымбетова Жібек марапатталды. Құлымбетова Жібек джиу-джитсу спортынан және самбодан Қазақстан Республикасының спорт шебері, джиу-джитсудан Әлем чемпионатының 6 дүркін жеңімпазы, самбо күресінен Әлем чемпионатының қола жүлдегері Облыс әкімінің «Заңғар» жастар сыйлығының иегері.
Келесі кезекте «Үздік спорттық өңір», «Үздік спорт мектебі», «Үздік спорт федерациясы» наминациялары бойынша марапатталды.

500 000 теңге ақшалай сертификатымен және облыс әкімінің Алғыс хатымен облыста бұқаралық спорттың дамуына үлкен үлес қосқаны үшін жылдың «Үздік спорт мекемесі» – Алматы облыстық бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығы марапатталды. Аталған мекеменің бастамасымен биылғы жылы халықаралық, республикалық және облыстық деңгейде 500 -ден аса ірі спорттық іс-шаралар ұйымдастырылған.

300 000 теңге ақшалай сертификатымен және облыс әкімінің Алғыс хатымен жылдың «Үздік спорт мектебі» атанған – Талғар ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі марапатталды. Дәл осындай марапатпен Қонаев қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі марапатталды.

300 000 теңге ақшалай сертификатымен және облыс әкімінің алғыс хатымен жылдың «Үздік спорт федерациясы» атанған – көкпардан «Алатау» Алматы облыстық федерациясы» қоғамдық бірлестігі марапатталды.

Облыста аудандар арасында спорт саласының дамуына ерекше үлес қосқан жылдың «Үздік спорттық өңірі» марапатталды. Жеңімпаз – Еңбекшіқазақ ауданы. Ауданға 300 000 теңге ақшалай сертификат және облыс әкімінің Алғыс хаты табыс етілді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Алматы облысыҚонаевспортшылар сыйлығыХан Тәңірі

Ұсынымдар

Алматы облысында «Қазақ» газетінің 110 жылдығына орай кеңес өтті

01.02.2023

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды қабылдады

01.02.2023
Фото: Аслан Қажеке

«Көлсай көлдері» ұлттық паркінің аумағында Нидерланды технологиясы енгізілмекші

01.02.2023

Алматы облысында апатты жағдайдағы су қоймалары жоқ – ТЖД

01.02.2023

«Subaru» автокөлігі Қапшағайда мұз астына түсіп кетті

01.02.2023

Жетісу облысында сыртқы жарнама үшін негізсіз салық есептелген – Антикор

01.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz