-1 °c
Qonaev
Дүйсенбі, Ақпан 6, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматы облысы: «Oceanman Kazakhstan» франшизасымен Меморандум жасалды

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен «Oceanman Kazakhstan» франшизасының иесі Ералы Оралов Қапшағай су қоймасында спорт додасын екінші рет өткізу туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

Ақерке Жұмағазықызы
28.10.2022
Аймақ
Фото пресс-службы акимата Алматинской области

Фото пресс-службы акимата Алматинской области

WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Екіжақты кездесу барысында өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев биылғы өткен шараның қазақстандықтар мен туристер үшін үлкен қызығушылық тудырғанын атап өтті.
«Ашық суда жүзуден спорт жарысының өтуі – шомылу маусымының басты оқиғасы болды. Қонаев қаласы екі күн бойы бағы мен бабын қатар сынаған спортшылардың ауқымды орталығына айналды», – деді облыс әкімі.

Өз кезегінде франшиза иесі Ералы Оралов келесі маусымда додаға 1800-ге жуық спортшы қатысатыны, олардың 4 санат бойынша бәсекелесетіні жайлы мәлімдеді.
«Біз қазақстандықтардың халықаралық деңгейдегі спорттық шараларға сұранысы өте жоғары екенін байқадық. Тіркеу аяқталғаннан кейін біздің алғашқы сайысымызға қатысуға ниет білдірушілердің біз ойлағаннан әлдеқайда көп екені анықталды», – деді Ералы Оралов.

Кездесу соңында «Oceanman Kazakhstan» сайысы 2023 жылдың 1-2 шілдесінде өтетіні айтылды.

Жарысқа қолдау білдірушілер:
• ҚР Мәдениет және спорт министрлігі
• «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы
• Алматы облысы әкімдігі.

Бас серіктестер:

• «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
• «Sport Qory» туризм және спорт саласын қолдау қоры.

Ал жобаның бас демеушісі – «Freedom Holding Corp» инвестициялық тобы.

Айта кетейік, 2022 жылдың шілдесінде Қонаев қаласында «Oceanman Kazakhstan» жарысы өтті. Бұл додаға 7 елден 1200 қатысушы тіркелді.

Ұсынымдар

Қонаев қаласында қоғамдық көліктің қосымша 2 бағыты іске қосылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының Жиделі ауылында су тасқынына қарсы шара жүргізілді

05.02.2023

Қазақстанда ұстаздар күнін 5 қазанға белгілеу ұсынылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жамбыл мен Алматы облыстарында құтқарушылар су тасқынының алдын алды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысында Ұзынағаш-Отар жолын су алды

05.02.2023

«Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

04.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz