-1 °c
Qonaev
Дүйсенбі, Ақпан 6, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматы облысы: ойынханалар миллиардтаған сомадағы салық төлеуден жалтарып келген

Мұны Қонаев-Алматы тас жолында орналасқан казиноларды тексерген облыстық прокуратура қызметкерлері анықтады, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

Ақерке Жұмағазықызы
28.09.2022
Аймақ
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Аталған тексеріс 2019 жылдан бері жүргізілген. Нәтижесінде казинолардың бірқатар заңсыз әрекеттері әшкере болды.

Қазіргі таңда облыстық прокуратураның талабы бойынша салық саласының мамандары жоспардан тыс тексеріс жүргізіп жатыр.

«Ойын автоматтары бар бүкіл залдарда қонақтардың ұтқан ақшасының пайызын дұрыс өтемеу фактісі тіркелді. ҚР «Ойын бизнесі туралы» Заңының 12-бабы 6-бөлігі бойынша қонақтар ұтыстың 95 пайызын алуы керек, сәйкесінше, ойынхана 5% алуға құқылы», – дейді облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Мақсат Абиров.

Оның айтуынша, ойынхананың үлесіне ұтыстың 25-30% не 50% қалып отырған.

«Тексеріс барысында ойын бизнесімен айналысатындардың қалтасында 2,6 млрд теңге қалғаны анықталды. Бұл қаржы қонақтардың жеңген кезінде берілуі керек болған», – деді баспасөз хатшысы өз сөзінде.

Мақсат Абировтың ұсынған ресми ақпаратына сүйенсек, бүгінгі таңда туризм индустриясы комитеті казинолардың ісін ҚР ӘҚБтК-тің 445-бабына сәйкес қарастырып жатыр. Аталған баптың санкциясы бойынша ойынхананың кіріс қаражаты тәркіленеді және кәсіптің лицензиясы алынады.

«Слот залдардың бірінде Қазақстанда тыйым салынған интернет-казино қызметі анықталды. Бұл жайт ҚР ҚК-нің 307-бабы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілу үстінде», – деді Мақсат Абиров.

Сондай-ақ ол санитарлық-эпидемиялық нормалардың және өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы секілді бірқатар келеңсіздіктердің анықталғанын айтты.

Тегтер: Қонаевойынханасалық

Ұсынымдар

Қонаев қаласында қоғамдық көліктің қосымша 2 бағыты іске қосылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының Жиделі ауылында су тасқынына қарсы шара жүргізілді

05.02.2023

Қазақстанда ұстаздар күнін 5 қазанға белгілеу ұсынылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жамбыл мен Алматы облыстарында құтқарушылар су тасқынының алдын алды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысында Ұзынағаш-Отар жолын су алды

05.02.2023

«Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

04.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz