-12 °c
Qonaev
Сенбі, Қаңтар 28, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматы облысы прокуроры сайлау науқанына байланысты үндеу жариялады

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына байланысты прокуратура органдары конституциялық өкілеттіктерге сәйкес сайлау процесінің барлық қатысушыларымен заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Бұл туралы облыс прокуроры Берік Адамов өз үндеуінде айтты.

Ақерке Жұмағазықызы
31.10.2022
Аймақ
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«Елімізде сайлауалды науқан «Сайлау туралы» Заңы аясында жүргізіледі. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте (ӘҚБтК) сайлау алдындағы үгіттің тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін 9 бап көзделген:

– сайлау алдындағы үгiтті оған тыйым салынған кезеңде жүргiзу (102 – бап: 15 не 35 АЕК көлемінде айыппұл);
– сайлау алдындағы үгітті жүргізу құқығына кедергі келтіру (103-бап: 20 не 50 АЕК дейінгі айыппұл);
– БАҚ арқылы сайлау алдындағы үгітті жүргізу шарттарын бұзу (112-бап: 2 не 50 АЕК айыппұл)», – деді Берік Адамов.

Сонымен қатар ол БАҚ арқылы үгіт жүргізу шарттарын да атап өтті.

«Үгіт жүргізу кезеңінде болуы мүмкін әкімшілік құқық бұзушылықтардың басқа да құрамдарын атап өткім келеді:
– анонимдік үгiттеу материалдарын дайындау немесе тарату – 25 АЕК айыппұл;
– үгіт материалдарын қасақана жою, бүлдіру – 15 АЕК айыппұл;
– сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргiзу шарттарын бұзу – 10 не 30 АЕК айыппұл;
– сайлау алдындағы үгітті жүргізу шарттарын бұзу – 20 не 30 АЕК айыппұл», – деді прокурор.

Берік Адамовтың айтуынша, азаматтар өздерінің сайлау құқығын бұзған жағдайда өз бетінше тікелей сотқа да жүгіне алады.

«Әкімшілік жауаптылықпен қатар сайлау заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық та көзделген.
Ол сайлау құқықтарын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергі келтіруге қатысты ҚК-нің 150-бабы. Және сайлау құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды дұрыс есептемеуге байланысты ҚК-нің 151-бабы», – деді облыс прокуроры.

Айта кетейік, сайлауалды үгіт науқаны 21 қазанда басталып, 19 қарашада аяқталады. Қазіргі уақытта Алматы облысы бойынша сайлау заңнамасын бұзу фактілері тіркелген жоқ.

Ұсынымдар

Өткен тәулікте 59 адамнан коронавирус анықталды

28.01.2023

Риддерде әйел 2 жасар баласын балконнан құлатып алды

28.01.2023

Қазақстанда құбыжық бейнесіндегі ойыншық сатылымына шектеу қойылуы мүмкін

28.01.2023

Шымкентте бірнеше шенеунік қамауға алынды

28.01.2023

Балқаш ауданының дәнді дақылдар өнімін арттыруға ғалымдар араласатын болды

27.01.2023
Фото: Аслан Қажеке

Шенеуніктердің тиімсіз жоспарлауы салдарынан бірқатар жобалар уақытылы іске аспай, ал қаржы игерілмей жатыр – Cұлтанғазиев

27.01.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz