1 °c
Qonaev
Жексенбі, Ақпан 5, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматы облысы: «Сонар – 2022» Республикалық турнирі өз мәресіне жетті

Қарашаның 24-27 күндері аралығында Қонаев қаласының маңында Мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдығына орай құсбегіліктен "Сонар – 2022" Республикалық ашық турнирі өтті.

Ақерке Жұмағазықызы
27.11.2022
Аймақ
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Турнирде Қазақстан спортшыларынан бөлек, Қырғызстан, Түркия, Қытай және Моңғолия елдерінің құсбегілері өзара бақ сынасты.

Бұл додаға жалпы саны 19 команда, 100-ге жуық спортшы, 64 бүркіт, 14 қаршыға, 10 шақты ителгі қатысты.

Ұлттық спорт ұлықталған шараның финалдық кезеңінде Алматы облысы әкімінің міндетін атқарушы Марат Сұлтанғазиев, Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры Бақдәулет Сәбитов, «Хабар» медиахолдингінің басқарма төрағасы Берік Уәли, «Қыран федерациясы» қоғамдық қорының президенті Нұрлан Өнербаев, «Қыран федерациясы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Бағдат Мүптекеқызы бой көрсетіп, жеңімпаздарды марапаттады.

«Түркі халықтарының дәстүрін сақтап, жалғастырушы спортшылар, Ұлттық ойынды дәріптеуге үлес қосып жүрген қонақтар Қонаев қаласына қош келдіңіздер! Жаңадан облыс орталығы атанған Қонаев қаласына мән беріп, бүгінгі шараны қолдағандардың бәріне алғыс айтамын! Биыл Түркияда өткен «Көшпенділер ойыны» 2024 жылы Алматы облысында өтеді. Бұл да біз үшін үлкен қуаныш», – деді құттықтау сөзінде облыс әкімінің міндетін атқарушы Марат Сұлтанғазиев.

Сонымен қатар ол жоғарыда есімі аталған құрметті қонақтарға Алматы облысында спортты дамытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хат табыс етті.

Фото: Аслан Қажеке

1 of 9
- +

Ал «Қыран федерациясы» қоғамдық қорының президенті Нұрлан Өнербаев болса «Хабар» медиахолдингінің басқарма төрағасы Берік Уәлиге федерация атынан арнайы дайындалған садақты сыйлады.

«Сонар» жарысы 23 жыл бойы Алматы облысы аумағында өткізіліп, биыл облыс туы Қонаев қаласына тігілді. Өзінің еншілес сайысын өз жерінде өткізу – құптарлық жағдай», – деді Нұрлан Өнербаев.

Тілшілерге сұхбат берген құсбегілік спортынан Алматы облысының аға жаттықтырушысы Елтай Жұмағұлұлы биылғы «Сонар»-дың ерекшелігі – аңға рұқсат етіліп, қыран мен тазылардың түлкі алуы екенін айтты.

Шараның ресми бөлімінен соң финалға өткен 7 бүркіт «уақытқа тазы алу» ойыны бойынша кім жылдам екенін анықтады. Бұдан бөлек, жер-жердің мергендері садақ атыс ойынын өткізіп, тазылар «аң аулауда» өзара бәйгеге түсті.

Фото: Аслан Қажеке

1 of 7
- +

Нәтижесінде басқа қырандардан ерекше қалқып ұшып, түлкіні жылдам алған астаналық Күнтұған Серікбектің бүркіті жеңімпаз атанды. Бүркіттің бапкеріне алтын медаль, кубок, 1 миллион теңге ақшалай сертификат табысталды.

Фото: Аслан Қажеке

1 of 10
- +
Фото: Аслан Қажеке

Бас жүлдеден бөлек, І және ІІ орын иеленген ойыншылар да тиісті дәрежелі сыйлықтармен, грамоталармен, ақшалай сертификатпен марапатталды.

Олардың тізімі келесідей:

«БҮРКІТ» бойынша:

2 орын – Әкімбеков Жалғас, Жамбыл облысы;
3 орын – Құрманғалиев Ақберген, Алматы қаласы;
4 орын – Таңатов Ғабит, Алматы қаласы;
5 орын – Сейтжаев Алмас, Алматы облысы.

«ҚАРШЫҒА» бойынша:

1 орын – Сейтжан Бексұлтан, Алматы облысы;
2 орын – Әбдікерімұлы Иманғали, Атырау облысы;
3 орын – Бекмұхан Айдар, Алматы облысы.

«СҰҢҚАР» бойынша:

1 орын – Шамуратов Бақыт, Қырғызстан;
2 орын – Оспанқұлов Танат, Қарағанды облысы;
3 орын – Бейшебеков Нұрсейіт, Қырғызстан.

«ҚҰМАЙ ТАЗЫ» жарысы бойынша:

1 орын – Буралқиев Жүрсін, Алматы қаласы;
2 орын – Курджиди Нестер, Алматы облысы;
3 орын – Нұрмұхан Біржан, Алматы қаласы.

Ұсынымдар

«Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

04.02.2023

Алматы облысында тапшы мамандардың тізімі жасалуы керек – министр Саясат Нұрбек

04.02.2023

Алматы облысының хирургтары ер адамның асқазанынан қасық алып шықты

04.02.2023

Қызылту ауылында бір топ барымташылар ұсталды

04.02.2023

Қапшағайда балықтарға оттегі баруы үшін 100-ге жуық ойық ойылды

04.02.2023

Жетісу облысының бірнеше сот ғимаратына бомба қойылды – фейк

04.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz