Алматы облысы әкімдігі 2025 жылғы 30 мамыр күні, сағат 17:00-де Қонаев қаласында және облыс аумағындағы барлық аудан орталықтарында «Халық заңгері» акциясының басталатынын хабарлайды.
Аталған акцияның басты мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін ұсыну. Әрбір азамат еліміздің заң саласының ең үздік мамандарынан тегін кәсіби кеңес алу мүмкіндігіне ие болады. Олардың қатарында:
-
атақты адвокаттар мен нотариустар,
-
прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары,
-
сондай-ақ мемлекеттік органдардың басшылары мен өз саласының білгірлері бар.
Игі шара Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен жүзеге асады. Ұйымдастырушылар қатарында:
-
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі,
-
ҚР Әділет министрлігі,
-
Zakon.kz желілік басылымы,
-
«Параграф» ақпараттық жүйесі,
-
Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік органдар мен еліміздің танымал заңгерлері бар.
«Халық заңгері» акциясы бүгінде игі дәстүрге айналып, қарапайым халықтың ризашылығына ие болып отыр. Форматы мен географиясы жағынан бұл шараның баламасы елімізде ғана емес, халықаралық деңгейде де сирек кездеседі.
Іс-шара өтетін орындар мен жауапты тұлғалар тізімі:
№ | Аудан | Өткізу орны | Жауапты тұлға | Байланыс нөмірі |
---|---|---|---|---|
1 | Қонаев қ. | Қала орталығы, Жамбыл көшесі, 13 | Тұрсын Марат Файзұллаұлы | 8 (727) 724-30-99 |
2 | Балқаш | «AMANAT» партиясы ғимараты, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, 75 | Бекмағанбетов Олжас Саинович | 8 (776) 261-44-44 |
3 | Еңбекшіқазақ | Мәдениет үйі, Есік қаласы, Абай көшесі, 31А | Мұсаханов Райымбек Кенжебайұлы | 8 (707) 577-57-90 |
4 | Жамбыл | Мәдениет үйі, Ұзынағаш ауылы, Абай көшесі, 53 | Төлеуқұлова Айнұр Сатыбалдықызы | 8 (707) 992-22-63 |
5 | Іле | Арбат, Отеген батыр ауылы, Титова көшесі | Пошан Айдана Дәуірбайқызы | 8 (778) 447-98-09 |
6 | Талғар | Мәдениет үйі, Талғар қаласы, Рысқұлов көшесі, 98 | Сайлыбай Дінмұхамед Ерікұлы | 8 (708) 159-10-05 |
7 | Қарасай | Мәдениет үйі, Қаскелең қаласы, Абылайхан көшесі, 40 | Амирханова Үміт Әділқызы | 8 (775) 745-15-00 |
8 | Кеген | ХҚКО, Кеген ауылы, Б. Момышұлы көшесі, 19а | Сарыбаев Дархан Нұрасылұлы | 8 (777) 345-09-07 |
9 | Райымбек | ХҚКО, Нарынқол ауылы, Амангелді көшесі, 22 | Керімбаев Ернат Сайлаубайұлы | 8 (705) 137-39-01 |
10 | Ұйғыр | Мәдениет үйі, Шонжы ауылы, Әл-Фараби көшесі, 67 | Рамазанова Динара Мұратқызы | 8 (702) 814-77-33 |
11 | Алатау қ. | ХҚКО, Жетіген шағын ауданы, Уәлиханов көшесі, 109А | Құрманғали Ернат Қуатұлы | 8 (700) 022-12-99 |
Құқықтық мәселелер бойынша көмек қажет болса – «Халық заңгері» акциясына келіңіз! Бұл – заңгерлермен бетпе-бет кездесіп, нақты шешім табудың тиімді жолы!