11 °c
Qonaev
Пятница, 13 июня, 2025
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Home Аймақ

Алматы облысы жаңартылатын энергетика саласында көшбасшылықты нығайтып келеді

Алматы облысы еліміздегі «жасыл» энергетиканы дамыту бойынша көшбасшы өңірлердің бірі ретінде өз позициясын нығайтып келеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

by Қорлан Нұрланқызы
15.05.2025
in Аймақ, Алматы облысы

Бүгінде өңірде жалпы қуаты 328,1 МВт болатын 23 жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) нысаны жұмыс істейді. Олардың қатарында қуаты 25,78 МВт болатын 8 шағын су электр станциясы, 142 МВт-тық 9 жел электр станциясы және 160,365 МВт-тық 6 күн электр станциясы бар.

Өңірдегі электр энергиясын орташа тұтыну көлемі 550–630 МВт аралығында. 2024 жылы бұл көрсеткіш 608,4 МВт-қа жетті. Оның 303,31 МВт-ы облыс ішінде өндірілген, оның ішінде 62,36 МВт – жаңартылатын энергия көздерінің үлесі (Іле және Шарын өзендеріндегі ірі СЭС-терді есептемегенде). Қалған 305,09 МВт басқа өңірлерден сатып алынады.

Жаңа жобалар мен инвестициялар

2024 жылы Жамбыл ауданында қуаты 3 МВт болатын жаңа су электр станциясының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Жобаның инвестициялық көлемі – 1,9 млрд теңге, нәтижесінде 5 тұрақты жұмыс орны ашылды.

Сондай-ақ биыл жаңартылатын энергия көздері нысандарын салуға арналған екі аукцион өткізілді. Қонаев қаласындағы қуаты 100 МВт болатын күн электр станциясы (КЭС) жобасы бойынша жеңімпаз ретінде «Дамона» ЖШС анықталып, құрылыс жұмыстары 2026 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Ал Жамбыл ауданында қуаты 20 МВт болатын ұқсас жобаны «Dala Solar» ЖШС жүзеге асырып жатыр – қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда, нысан да 2026 жылы іске қосылады деп күтілуде.

2025 жылға арналған Энергетика министрлігінің жоспарына Қонаев қаласында қуаты 40 МВт болатын екі КЭС салу бойынша тағы екі аукцион енгізілген.

Инвесторлардың қызығушылығы және салалық кедергілер

2023–2024 жылдары облыстық энергетика басқармасына жалпы қуаты шамамен 1400 МВт болатын жаңартылатын энергия көздері нысандарын салуға ниетті 20-ға жуық инвестордан өтінім түсті. Бұл жобалар бойынша күтілетін инвестиция көлемі – 1 триллион теңгеден асады.

Алайда жобалардың іске асырылуын тежейтін негізгі кедергілердің бірі – өндірілген электр энергиясын сатып алу кепілдігінің болмауы. Жергілікті атқарушы органдар мұндай кепілдік бере алмайды, бұл өз кезегінде ірі инвесторлардың келуіне тосқауыл болып отыр.

Энергетика министрлігінің аукциондық саудасы арқылы 2030 жылға дейін Алматы облысында іске асырылатын 14 жаңартылатын энергия көздері жобасы айқындалған. Бұл жобалардың жалпы қуаты – 184 МВт. Оның ішінде:

  • 100 МВт-тық бір күн электр станциясы,

  • 9,4 МВт-тық екі биоэлектр станциясы,

  • 74,9 МВт-тық он бір шағын су электр станциясы бар.

«Алматы облысы жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша елеулі әлеуетке ие. Инвесторлардың жоғары қызығушылығын байқап отырмыз. Ендігі мақсатымыз – жобаларды жүзеге асыру үшін барынша ашық әрі болжамды жағдай жасау. Бүгінгі таңда тек өндіріс көлемін арттыру ғана емес, сонымен қатар ЖЭК-ті жалпы энергетикалық жүйеге тиімді интеграциялау үшін сенімді инфрақұрылым қалыптастыру маңызды», – деді Алматы облысының энергетика басқармасының басшысы Айдын Бегімбеков.

Алматы облысында жаңартылатын энергетиканы дамыту – өңірдің орнықты болашағына қосылған үлес қана емес, сонымен қатар елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды фактор. Өңірдің әлеуеті зор, инвесторлардың қызығушылығы жоғары, ал әкімшілік кедергілер жойылған жағдайда Алматы облысы Қазақстандағы «таза» энергия өндірудің жетекші орталықтарының біріне айнала алады.

Мемлекет тарапынан заңнамалық және тарифтік саясат деңгейінде дер кезінде көрсетілетін қолдау – осы мүмкіндіктерді нақты энергетикалық және экономикалық жетістіктерге айналдырудың кілті болмақ.

Tags: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Ұсынымдар

Фото: Alataunews.kz/Дамир Нұрқасым

Кеген ауданында 280 келі сирек кездесетін ағаш тұқымы егілді

13.06.2025
Фото: Қонаев қаласының әкімдігі

Қонаевта тағы бір сквер пайда болады

13.06.2025

Қонаевта кәріз-сорғы станцияларын жаңғырту жұмыстары жалғасуда

13.06.2025

Қонаевта сасық иіс: қала әкімі жауап берді

13.06.2025

Жақсылық жасап жарысқан жастар: Алматы облысы үздіктер қатарында

13.06.2025

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

13.06.2025
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Рус

© 2022-2024 www.alataunews.kz