-6 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Ақпан 1, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматы облысы: жастарды қолдауға арналған 10 орталық жұмыс істеп жатыр

Жастардың бос уақытын тиімді пайдалануы, оларды қоғамдық жұмысқа тарту мақсатында өңірде жалпы саны 10 жастар ресурстық орталығы жұмыс атқарады. Оның жұмысы жайлы облыстық «Жастар» ресурстық орталығының басшысы Мақсат Кенешев баспасөз брифингінде бөлісті.

Ақерке Жұмағазықызы
01.11.2022
Аймақ
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«Облыста 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны – 280 017. Қонаев қаласында орталықтың 4 бөлімі жұмыс істейді, «Ұйымдастыру бөлімі», «Жастар бастамаларын дамыту және NEET тобымен жұмыс бөлімі», «Аймақтар бөлімі» және «Ақпараттық сүйемелдеу және әлеуметтік желілермен жұмыс істеу бөлімі», – деді Мақсат Кенешев.

Орталық басшысының айтуынша, жыл басынан бері 60 000 азаматтың қатысуымен 2850 шара өтті.

Тарқатып айтсақ:

• 10 психолог маманнан тұратын «Бақыт клубы» 150-ге жуық шара өткізді;
• облыста NEET (кәсіби білімі жоқ) жастар саны – 17 520. Жыл соңына дейін 1000 адам жұмыспен қамтылады;
• «Бизнес бастау», стартап және Zhas Project жобалары аясында 427 кәсіпкер өз бизнесін бастады;
• 2022 жылдың 11 қаңтарынан бастап «Күшіміз бірлікте» волонтерлік акциясы аясында 404-404 жедел желісі іске қосылды. Осы уақытқа дейін жалғызбасты, көпбалалы отбасылардан 181 қоңырау түсті;
• Алматы облысында жыл басынан бері 4029 еріктілер науқаны ұйымдастырылды.

«Бұл шаралардан бөлек, өңірде бірнеше жобалар іске асырылады», – деді орталық басшысы.

Олардың тізімі мынадай:

– «Жайдарман облыс әкімінің» кубогі;
– Пікір сайыс ойындары;
– «Алатау жастары» жаңа тұрғын үй бағдарламасы;
– «Алатау жастары» еріктілер сыйлығы;
– «Жыл үздігі – 2022» аудан, қала әкімдерінің сыйлығы;
– «Көшбасшы – 2022» Алматы облысының әкімінің сыйлығы.

Ұсынымдар

Алматы облысында селден қорғайтын 26 нысан жұмыс істеп тұр

01.02.2023

Жетісу облысында көлік аударылып, салдарынан жүргізуші қаза тапты

01.02.2023
Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Қонаевта есірткі синдикатының ұйымдастырушылары ұсталды

01.02.2023

Қаңтарда қияр мен пияз айтарлықтай қымбаттады

01.02.2023

Алматыда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

01.02.2023

Жас мемлекеттік қызметшілерге қандай қолдау көрсетіледі? – мамандар түсіндірді

01.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz