-1 °c
Qonaev
Дүйсенбі, Ақпан 6, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматы облысы: ЖЭО-3 жұмысы қайта жаңғыртылады

Бұл туралы өңірге іс-сапары кезінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

Ақерке Жұмағазықызы
29.10.2022
Аймақ
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«Іле ауданы Өтеген батыр кентінде орналасқан ЖЭО-3 және Алматыдағы ЖЭО-2 жұмысы модернизацияланады, яғни қайта жаңғыртылады. Себебі, бұл жылу электр орталықтары Алматы қаласының, Алматы агломерациясына жататын аумақтардың ауасы ластануының бірден-бір факторы», – деді министр.

Оның айтуынша, ЖЭО-2 және ЖЭО-3 бойынша техникалық-экономикалық негіздемеге мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Ашық тендер өткізіледі. Барлық жұмыстарды 2026 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

«Арнайы трубиналар салынып, жұмыс бағыты өзгерсе, ЖЭО-2-нің ауаға бөлетін қалдықтары 38 мың тоннадан 2 мың тоннаға дейін, ЖЭО-3-тегі ауа ластаушы заттары болса 12 мың тоннадан 2,0 мың тоннаға дейін азаяды», – деді Серікқали Брекешев.

Министрдің сөзіне сүйенсек, экология мәселесін талқылау үшін жылу электр орталықтары тиесілі «Алматы электр станциялары» (АлЭС) компаниясының мамандары бірнеше рет халықпен кездескен.

Модернизация бойынша жұмыс жоспары мынадай:

• 2022 ж. желтоқсан – ҚР Энергетика министрлігі қайта аукцион өткізеді;
• 2023 ж. І тоқсаны – Еуропа даму банкімен несиелік шартқа отыру және ЕРС (Engineering, Procurement, Construction – кешенді құрылыста қолданылатын келісім шарт) – шарт жасау.

Айта кетерлігі, ЖЭО-3 жылу қуаты 335 Гкал/сағ, электр қуаты 300 млн кВт/сағ құрайды. Қазіргі таңда электр қуаттылығын жылына 450 МВт-қа жеткізу үшін де жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Кешегі күннен бастап ЖЭО-2 конкурсы мемлекеттік сатып алулар ресми сайтында жарияланды.

Ұсынымдар

Қонаев қаласында қоғамдық көліктің қосымша 2 бағыты іске қосылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының Жиделі ауылында су тасқынына қарсы шара жүргізілді

05.02.2023

Қазақстанда ұстаздар күнін 5 қазанға белгілеу ұсынылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жамбыл мен Алматы облыстарында құтқарушылар су тасқынының алдын алды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысында Ұзынағаш-Отар жолын су алды

05.02.2023

«Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

04.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz