Аскар Тасбулатович 1975 жылы дүниеге келген, жоғары білімді. 1999 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Өзінің еңбек жолын 1995 жылы Алматы облысы Ішкі істер басқармасының Мемлекеттік өртке қарсы қызметінде, Текелі қаласының мемлекеттік өрт қадағалау бөлімінің инженері болып бастаған.
Кейінгі жылдары Алматы облысының өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінде, төтенше жағдайлар департаментінде түрлі жауапты қызметтерді атқарды.
2020 жылғы 18 қарашадан 2024 жылғы 26 қарашаға дейін Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы лауазымында қызмет етті.
Жаңа қызметінде өңірдің жұмылдыру дайындығы мен азаматтық қорғаныс саласын дамытуға өз үлесін қосады деп күтілуде.