Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны — 196 мың адам, бұл көрсеткіш бойынша облыс республикада 19-шы орынды иеленген. Сонымен қатар, жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыс 106,3 мың теңгені құрады, бұл көрсеткіштен біз республика бойынша 16-шы орындамыз, яғни біздің облыс тұрғындарының табысы төмен деңгейде болып отыр.
«Осы жерде келесі мәселеге назар аударуды сұраймын. Республикада халықтың табысын арттыру бойынша бағдарламаны өзектендіру жұмыстары басталды. Осыған байланысты аталған көрсеткіштерді жақсарту мақсатында жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, ауыл шаруашылығы басқармалары аталған бағдарламаға тиісті ұсыныстар берулері қажет», — дейді Асылан Ораз.