Бұл шағын несиелер 5 жылдан аспайтын мерзіммен жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда, 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға өз ісін ашу немесе кеңейту үшін беріледі. Осы ретте қатысушылардың жасы «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-ға өтініммен жүгінген кезде ескеріледі.
Микрокредиттің мөлшері 5 млн теңгеге дейін, ал қатысудың ең ұзақ мерзімі – 5 жылдан (кез келген мақсатқа), 7 жылға дейін (мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін) болуы мүмкін. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%-дан аспайды.
Бүгінгі таңда конкурстық комиссиялардың шешімімен 373 жоба мақұлданды, оның ішінде:
- 68,8% – мал шаруашылығын (жылқы шаруашылығы, ірі қара және ұсақ мал), құс шаруашылығы, бал арасы шаруашылығын дамытуға байланысты жобалар құрайды;
- 15,5% халыққа қызмет көрсету бойынша жобалар;
- 9,4% сауда бизнесімен байланысты жобалар;
- 8,3% әртүрлі өндірістерді дамытуға бағытталған жобалар.
1,4 млрд. теңгеден астам сомаға, 291 жобаны іске асыруға микрокредиттер берілді, оның 96% ауыл жастарының үлесіне тиесілі. Шағын несие алған үміткерлердің бірі Еңбекшіқазақ ауданы Масақ ауылының тұрғыны Жүсіпбекова Маржан Бауыржанқызы.
Осы жылы ол өз бизнес жобасын сәтті қорғап, таңқурай өсіру үшін 5 млн теңге көлемінде шағын несие алуға арнайы комиссия мүшелерінің оң шешімін алды. Жобаны қорғауға үміткерге ауыл шаруашылығы басқармасының өкілі тарапынан бизнесті одан әрі дамыту бөлігінде, атап айтқанда, олардың шығындарына жол бермей, алынған өнімді терең мұздату және сақтау мүмкіндіктері туралы консультациялар берілді.
Қазіргі уақытта Жақыпова Маржан «Анар» жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Алынған несиелерінің көмегімен өз бизнес жоспарын жүзеге асыра алды және 1,5 га жерге таңқурай отырғызды. Осылайша, ауыл тұрғындарына жұмысқа орналасуға мүмкіндік берді.
Сол сияқты Еңбекшіқазақ ауданы Қорам ауылының тұрғыны Амангүл Маратқызы несие алып, тігін цехын ашу үшін барлық қажетті жабдықтарды сатып алды. Қазіргі уақытта тігін цехы жұмыс істейді, қосымша 3 жұмыс орны құрылды, онда жұмыссыз азаматтар жұмысқа қабылданды. Өндіріс жолға қойылды, ауыл тұрғындары ательенің қызметіне дән риза.
Көріп отырғанымыздай, бүгінде облыс жастарының жеңілдетілген шағын несие есебінен өз мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға мүмкіндігі бар. Олар үшін несие бұл – бизнес идеяларды жүзеге асырудың қадамы. Өз ісін ашу жастардың үлкен мақсатқа жету үшін өз таланттарын, білімдерін, дағдыларын көрсетуден қорықпайтындығының дәлелі болып табылады.