Оның нәтижесі Алматы облысындағы қала мен аудан мәдениет күндерінің қорытынды марапаттау шарасында айтылып, үздіктер құрметке бөленді.
Бұл салтанатты басқосуда сондай-ақ облыс әкімінің «Ақтаңгер» сыйлығын және өнер өлкесінде еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерге «ҚР Мәдениет саласының үздігі» атты төсбелгісін табыстау рәсімі де өтті.
Мәдени мұра мен сан түрлі өнер саласының өкілдері жиналған игі шара облыс әкімдігінің қолдауымен Қонаев қаласында өтті. Оның ұйымдастыруына облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығы ұйытқы болды.
Салтанатты кеште алдымен Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Алиев құттықтау сөз сөйлеп, мәдениет пен өнер саласының өкілдеріне лайықты марапаттарын табыс етті.